"Бірқатар ауылшаруашылық дақылдары бойынша, соның ішінде майлы дақылдар бойынша 2006-2008 жылдарға арналған кезек күттірмес шаралар бағдарламасында қарастырылған және ішкі нарықты өз елімізде өндірілген негізгі азық-түлік өнімлерімен қанықтыру қажеттігіне байланысты көрсеткіштерге қол жеткен жоқ", - деді А. Буць.
Оның мәліметінше, "майлы дақылдар егіс алқаптарының құрылымы бойынша небәрі 3,8%-ға жетеді, ал нормативтік көрсеткіш - 7 - 8%-ға тең, ал рапс небәрі 1,2%-ға жетеді, бағдарламада 3,3% жоспарланған".
А. Буць ханымның айтуынша, аталған дақылдар "еліміздің солтүстігі мен орталығында бұрынғыдай мардымсыз алаңдарды иемденеді". Бұл қатарға Қостанай облысын қоспауға болады, "онда майлы дақылдар егінін 70 мың гектарға дейін, соның ішінде рапс егінін 67 мың гектарға, күнбағысты 3,6 мың гектарға дейін ұлғайту межеленген".
Оның айтуынша, Ақмола облысында майлы дақылдар алаңы небәрі 2,2 мың гектарға ұлғайса, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында ондай алаңды керісінше 0,6 мың гектарға азайту жоспарланған. Сафлор алаңы оңтүстікте 5,3 мың гектарға азайтылмақшы.
"Ағымдағы жылы басымдық берілген дақылдарды, әсіресе, қант қызылшасын қолдауға 1 гектарға арналған мемлекет қаржысы біршама өскеніне қарамастан, оны егетін алқаптар көлемінің өсімі, негізінен Жамбыл облысында небәрі 6,6 мың гектарды құрайды", - деді А. Буць.
Сонымен бірге, оның мәліметінше, "мақта егістіктері 9,2 мың гектарға, күріш егістіктері 2,7 мың гектарға азаяды, бұл негізінен суаратын су лимитінің шектелетіндігі туралы болжамға байланысты".