Ішкі істер министрі Баян Есентаеваның оқиғасына қатысты пікір білдірді

"Сот күдіктіні екі айға қамауға алу туралы санкция берді, біз істі кісі өлтіруге әрекеттену бабына қайта өзгерттік. Қалғанын сотта білесіздер", - деп қысқа қайырды Қасымов.

Ол Баян Есентаеваның ауруханадағы суретінің әлеуметтік желілерде таралып кетуіне қатысты сұраққа да жауап берді. "Бұл әрине келеңсіз оқиға, соңына дейін тексереміз", - деді ол.

Еске салсақ, белгілі продюсер Баян Есентаева  ауыр пышақ жарақатымен Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген еді. Күдікті ретінде оның күйеуі - Бақытбек Есентаев ұсталды. Ал кеше ол соттың санкциясымен екі айға қамауға алынды.