Жол сақшыларының кеудеге видеотіркеуіш тағып, жұмыс істеп жатқандарына 9 айдан асқан. Бірақ, неге екені белгісіз жұрт енді дүрлігіп жатыр. Оған интернет арқылы тарап жатқан ақпарат себеп. Өйткені әлдекімдер таныстары мен туыстарына патрульдік полициямен сөйлескенде аса абай болуға және полицейлерге пара ұсынбауды ескертіп, жапа-тармағай мынадай хабарламалар таратуда.
Негізі астаналық полицейлер бұл құрылғыны былтыр пайдалана бастаған. Көлемі шағын ғана, 10 сантимертден аспайтын видеотіркеуіш сақшының кеудесіне тағылады. Ал, оған полицей мен жүргізуші арасындағы әңгіме толық жазылады. Бұған қоса жол инспекторларының қызметтік көлігінде де камераның түр-түрі бар. Темір тұлпардың ішіндегі жағдай, тіпті сырттағы қозғалыс та таспаға жіті түсіріледі.
Сабыр Жүсіпбеков, Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары:
-Кез-келген адам видеотіркеуіштің қосулы тұрғанын көргенде заңбұзушылыққа бармайды. Қазір жүргізушілер пара бермейді, ал полицейлер алмайды. Бұл құрылғылар қауіпсіздік белдігіне, ұялы телефонға қатысты даулы сәттерді әділ шешуге де өте ыңғайлы.
Жол полицейінің кеудесіндегі видеотіркеуішке жазылған мәлімет тек сот кезінде көрсетіледі екен. Оны сақшы өз бетінше өшіре алмайды. Қазір мұндай құрылғы 600 жуық астаналық полицейдің қолында бар. Сақшы камераны тек тамақтанғанда, әжетханаға барғанда ғана сөндіруге құқылы. Қалған кезде үнему қосулы тұруы керек.
Бұл жүргізуші көлігін қоғамдық көліктерге арналған аялдамаға, яғни тыйым салынған жерге тоқтаған. Ереже бұзғаны үшін айыппұл арқалады.
-Жақсы ғой. Өзім пара бермеймін.
Бірақ, мұндай видеотіркеуіштерді қолдамайтын, көңілі толмайтын да жүргізушілер бар екен.
-Бір жағынан жақсы. Екінші жағынан қиын. Енді келісу деген болмайтын шығар. Осы жағы қиын.
Ал, мына жүргізуші жол полицейінің «видеотіркеуішім қосулы» дегеніне қарамастан, қызметтік қызыл куәлігін көрсетіп, ҰҚК-де жұмыс істеймін деп сес көрсетуде. Жыл соңына дейін видеотіркеуішпен полицейлер жаппай қамтылмақ. Осылайша,Ішкі Істер министрлігі жол бойындағы жемқорлықты түбегейлі жоямыз деп отыр. «Бәке-Сәке» деп жоғырадағы көкесіне хабарласушылардың жолы кесілмек.
Loading...