Ішкі істер министрлігі казиноға барған қызметкерлерін жұмыстан босатты

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Прокуратура тексерісі кезінде құмар ойынға әуес екені анықталған 305 мемлекеттік қызметкердің 88-і Ішкі істер министрлігінде жұмыс істеген.

Аталған жайтқа қатысты ведомство басшылығы түсініктеме беріп, 17 қызметкер жұмыстан босатылғанын мәлімдеді. Қалғанына тәртіптік шара қолданылған.