"Жақында Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов үкіметке Ішкі істер министрлігі жүйесін реформалауды жалғастырудың стратегиялық жоспарының тұсаукесерін өткізді",- деді ол.
"Бұл стратегияны орындауға біз екі жыл бұрын кірістік. Оны орындау үшін алға ең басты төрт міндет қойдық",- деді Б.Қожахметов.
"Барлық қызметтердің, бөліністердің функцияларын, олардың штат санын, қызметкерлерлің жүктемесін, аппараттың ұйымдастыру-штаттық құрылымын талдай отырып, ІІМ өз алдына мынадай міндеттерді орындауға алға қойды: функциялардың қайталанып келуін жою; басқару звеноларын қысқарту; штат санын оңтайландыру (69095 штат қызметкері); аппаратты ұстауға арналған шығындарды үнемдеу".
"Бұл өзгерістер орталық аппараттың санын 1115-тен 653-ке, вице-министрлер санын 6-дан 3-ке, департамент санын 17-ден 12-ге дейін, барлық 9 дербес басқармаларды қысқартуға мүмкіндік берді. Министрлік және оның комитеттері туралы жаңа ережелер бекітіліп, барлық функциялар шектелді. Министрлікке стратегиялық, реттеу функциялары, комитеттерге- бақылау және іске асыру функциялары берілді. Басқарудың жүйесінің 9 сатысынан 6 сатысына көшуге ұйғарылып отыр".