Ішкі істер министрлігінде кадрлық өзгерістер жасалды

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрдің 12-қыркүйектегі жарлығымен генерал-майор Валерий Петров ТЖ комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Осы жарлық негізінде Астана ІІД бастығының бұрынғы орынбасары Мақсұтхан Әбләзімов Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті тізгінін ұстады.

Бұған дейін ІІМ Тергеу комитетін басқарған полиция полковнигі Марат Қожаев Павлодар облыстық ІІД басшысы қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар, ІІМ-нің Көліктегі ІІМ басшысы да ауысты. Оған Солтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің бұрынғы бастығы Ахан Қажкенов жетекшілік ететін болды. Ал, СҚО ІІД басшысы қызметіне полиция генерал-майоры Берік Біләлов тағайындалды.


Ал, қызметтен босаған Ақтөбе облысы және Павлодар облыстарының ІІД басшылары резервке қалдырылды.