"17-тамыздан 21-не дейін жеке құрам қызметті күшейтілген режимде атқарады",- деді А. Шпекбаев.
Сонымен қатар, ол "ахуалды жедел жақсарту және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді алғышарт жасау мақсатында 10-15 тамыз аралығында "Құқық пен тәртіп" атты жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілетіндігін" атап өтті. Аталмыш шараны жүргізу, "А. Шпекпаевтің айтуынша, "қоғамдық орындарда, әсіресе сайлау өтетін орындарда тәртіп орнатуды күшейту" қажеттігіне байланысты.
Сондай-ақ, вице-министр қазіргі уақытта "3 мыңға жуық полиция қызметкерлері сайлау учаскелерін күзетуге жұмылдырылған, олардың 2 мыңға жуығы "Сайлау" жүйесімен жабдықталған сайлау учаскелерінде, көшелерде қызмет атқарып жатқандығын" хабарлады.
Сондай-ақ "жалпы республика бойынша тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сайлау учаскелеріне, сайлаушылармен кездесу өткізетін орындарға, насихат материалдары орнатылған орындарға ең жақын 2,5 мыңнан астам бағытқа қосымша күзет қойылды". А. Шпекбаевтің ақпараттарына сүйенсек, "оған 5 мыңға жуық қызметкер жұмылдырылған".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті