Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылдың 21 шілдесінде ІІМ-нің КПК және ҚР ҰҚК, "Арлан" арнайы мақсаттағы патрулінің қызметкерлері бірлесе 2007 жылдың қыркүйек айынан іздеуге жарияланған ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін анықтап, одан 11 оғымен "Макаров" тапаншасын тәркілеген.
2008 жылдың 22 шілдесінде ҚР ІІМ КПК Оңтүстік АҰҚҚКБ қызметкелрері, Алматы облысы ІІД "Арлан" арнайы мақсаттағы жасағының қызметкерлерімен бірлесе автокөлікті тоқтатқан, көліктің салонында, "заңдағы ұры" деген қылмыстық статусқа кандидат үш Грузия азаматы болған. Көлікті тексеру кезінде 1,40 грамм героин анықталған.
2008 жылдың 21 шілдесінде Ақтөбе облысының ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері бірқатар қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуге жарияланған 1985 жылғы азаматты қамауға алған. Ол Ақтөбе қаласында қарақшылық шабуыл жасайтын ұйымдасқан 4 адамнан құрылған топ құрып, оны басқарған.
2008 жылдың 24 шілдесінде Қарағанды облысының ІІД қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы жасағының қызметкерлерімен бірлесе "Қазақмыс" корпорациясының фабрикасынан 125 тонна 700 кг мырыш концентратын ұрлағаны үшін іздеуге жарияланған 1983 жылғы қылмыскерді қамауға алды.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалған, барлық ұсталған азаматтар қамауға алынған.