Ішкі Монғолияда Рихтер өлшемімен қуаты 5,2 балл жер сілкінісі болды

Қытайдың мемлекеттік сейсмологиялық желісінің ақпаратына сәйкес, кеше Пекин уақытымен 14 сағат 05 минутта Орочон автономиялық хошуны мен Ажун хошунының түйіліскен жерінде, Ішкі Монғолия автономиялық аймағында Рихтер өлшемімен қуаты 5,2 балл жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 49 градусы мен шығыс бойлықтың 122,5 градусында тіркелген.