Ішкі нарықтағы астық бағасының өсуіне жол бермеу жөніндегі меморандум жаңа түсім шыққанша созылатын болады - вице-премьер

""Қазақстанның астық одағы" заңды тұлғалар бірлестігі мен облыс әкімшіліктерінің арасында жасалған ішкі нарықтағы астық бағасының өсуіне жол бермеу жөніндегі меморандум жаңа түсім шыққанша, яғни осы жыл бойы жалғасатын болады",- деді Ө. Шүкеев.

Ол үкіметтің азық-түлік тауарлар бағасының қабылдап отырған шараларын "өте тиімді және өз нәтижесін беріп отыр" деп бағалады.

"Егер біз бұл шараларды қабылдамасақ, онда мысалы қазір нанның бағасы 100 теңге, тіптен одан да жоғары болар еді, сондай-ақ, бұл электр қуаты мен басқа да тауар түрлерінің бағасына да қатысты, бірақ қазірде ахуал тұрақтаған, тіптен бірқатар аймақтарда ұн мен бидайдың бағасы тіптен арзандаған",- деп атап көрсетті вице-премьер.

"Біз бұл тәжірибені одан әрі жалғастырамақпыз... біз екі ұстанымды бақылауға аламыз, елімізге импортталатын өсімдік майы мен қантпен бірге инфляцияның да импортталуына жол бермеу үшін біз азық-түліктің осы түрлерінің қорын құрамыз",- деп атап көрсетті Ө. Шүкеев. "Сонымен қатар аталмыш ресурстар ел ішінде емес, шетелде сатып алынады, яғни ішкі нарыққа бұл сауда-саттық кері әсер етпейді",- деп нақтылап өтті ол.

"Біз екі тосқауыл қоямыз: біріншіден, Астық одағы арқылы коммерциялық сатып алулар жүргіземіз, екіншіден, біз бұл сатып алуларды материалдық резервтер жүйесінде де жүзеге асырамыз",- деп жалғады өз сөзін Ө. Шүкеев. "Яғни, біздің негізгі әдісіміз, импортты либерализациялап, азық-түлікке салынатын баж салығын алып, азық-түлік нарығына дер кезінде интервенция жүргізу үшін өнімдерді дайындаймыз",- деп хабарлады ол.

"Осыған сәйкес меморандумдар, осы интервенциялар тәртібін біз бүгінде әкімдерге бердік және де енді сөз бұл ресурстарды нарықта қалыптасқан жағдайға сәйкес дер кезінде және үйлесімді пайдалану туралы болып отыр",- деп қорытындылады Ө.Шүкеев. Ол сондай-ақ, үкіметте ауылшаруашылық министрі Ахметжан Есімовтың жетекшілігімен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының құрылғандығын да айтып өтті.