Ішкі жалпы өнім құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіп үлесін 12% деңгейде сақтап қалу үшін, оның өсімі 2015 жылға дейін орташа есеппен 8-8,4 % құрауы тиіс- Қ.Келімбетов


Қ.Келімбетовтың айтуынша, Қазақстанның индустриалдық инновациялық стратегиясын жүзеге асырудың бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша, өңдеуші өнеркәсібі жақсы дамып келеді. 2003 жылы өңдеуші өнеркәсіп өсімі 8%, 2004 жылы 10%, 2005 жылы - 5,9% құрады. Жалпы, осы жылдардағы өңдеуші өнеркәсіп саласының өсімі 2015 жылға дейін орташа есеппен 8-8,4 % құрауы тиіс, бұл Ішкі жалпы өнімдегі өңдеуші өнеркәсіп үлесін 12-12,5%" деңгейінде сақтап қалуға мүмкіндік береді, деп атап өтті Қ.Келімбетов.