Ішкі жалпы өнімнің көлемі 76 миллиард доллардан асты

Кездесу барысында министр Елбасына еліміздің 2006 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының бастапқы қорытындылары туралы баяндап берді.

"Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары орындалды. Ішкі жалпы өнімнің көлемі 76 миллиард доллардан асты. Ал жан басына шаққанда бұл көрсеткіш 5100 долларды құрайды",- деді минитср.

"Құрылыс, қызмет көрсету салалары жоғары қарқынмен дамып отыр. Халықтың нақты табысы өсті, жұмыссыздық қысқарды", - деді А.Мусин журналистерге арналған брифингте.

Мемлекет басшысы министрліктің алдына келесі жылға арналған жаңа міндеттер қойды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті