"Іштарлықты қою керек, желеткеден асып түсетін мәселелер бар": Мөлдір Анарбаева Баян Алагөзова туралы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның сөзінше елде "желеткеден" де асқан мәселе жетеді.

"Біріншіден, бұл Қыз Жібектің желеткісі емес! Бұл Меруерт Өтекешоваға арнап, кейіпкерді сомдауға тігілген киім. Өз басым оның Баян Алагөзованың қолына түскеніне еш қарсылығым жоқ. Онда тұрған не бар? Сандықтың түбінде жатқанша, дәріптесін, насихаттасын, іліп қойсын!

Одан да сол фильмнен қалған жалғыз кейіпкер - Меруерт Өтекешоваға қандай құрмет көрсетіп жатырмыз, соны ойлауымыз керек.

Баян Алагөзова бұл желеткіні пияз жинауға киім алмайтыны анық. Қайта Меруерт Өтекешоваға құрмет көрсетпек. Ұмыт болып бара жатқан Жібегіміздің мерейін үстем ететін болады. Мен қуаныштымын.

Мұндай әйелді қайта қолдап, "Сен жақсы, ала ғой желеткені" деп құндылықтарға пайдалану керек. Іштарлықты қою керек. Желеткеден де асып түсетін мәселелер бар", - деді ол.