Сондай-ақ 21 сәуірде Владимир Путин Ресей Қорғаныс министрі Шойгумен кездесті және Шойгу ол кезде Мариуполь қаласының алынған мәлімдеген болатын.
Дегенмен осы кездесуде де Ресей президенті Путиннің отырсы көптің назарын бірден аударды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Мәселен әлеуметтік желіде Путиннің сол кездесудегі табиғи емес кейіпі қызу талқыланлды. 12 минуттық кездесуде президенттің қолын үстелден алмағын байқауға болады. Оң қолымен үстел шетін кездесудің басынан соңынан дейін ұстап отырды.
Путиннің қолдарының ісіп кеткені көрінеді. Сонымен қатар Ресей президенті кездесуде бүкірейіп, тісін қайрап, ернін көп тістелеп қозғалмай отырды. Мойны да ішіне қарай кіріп кетен.
Көптеген ақпарат құралдары Владимир Путиннің дәрігерлерді бірге алып жүргені жайлы материалдар жариялады. Тіпті паркинсон ауруының белгілері деген пікірлер айтылды.
Көпшілік оқырман: «Соғысқа дейін, 21 ақпанда Ресей Паралимпиада командасының спортшыларымен кездесу барысында Владимир Путин өз-өзін еркін ұстап отырды. Ал қазіргі халі соғысқа дейінгі жағдайына қарағанда әлдеқайда нашарлаған», "Неге үстелді ұстап, қозғалмай отыр?", "Ауырып отырғаны анық", "Бұл стероидты терапия, аутоиммунды нәрсе немесе онкология сияқты науқасқа ұқсас","Путин әлденеден қорқады" – деген түрлі пікір қалдырды.