Ислам даму банкі мен Қазақстан даму банкі ҚР ИИДС аясындағы инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде Ислам Даму банкі Қазақстан экономикасы үшін маңызды ірі жобаларды жүзеге асыру мақсатында Ислам даму банкіне мүше елдер тобынан инвестиция тартуда Қазақстан даму банкіне ықпалдастық жасауы тиіс. Отандық энергетика, көлік инфрақұрылымы және ауылшаруашылығына арнап машина жасау саласын дамытуға бағытталған жобаларға басымдық берілмекші.

Қазақстан даму банкі еліміздің ішкі экономикасын дамыту, отандық өнімдердің шетелдедрегі өтімділігін арттыру, Орталық Азия аймағы елдерінің нарық әлеуетін тиімді пайдалану үшін экспортқа арнап қосалқы құны жоғары өнімдер өндірісіне несие беруді басты мақсат етіп қояды.