А.Баталовтың айтуынша, "Қазинвест" Қазақстанның инвестициялық беделін арттыруға едәуір үлес қосқаны белгілі. Алайда соңғы уақытта бұл компания бұрындары шетелдік инвестиция тартумен айналысып көрмеген отандық кәсіпорындар арасында стандартқа сәйкес сауатты бизнес-жоспар жасай алмайтын , жобаның нақты есептелген экономикалық көрсеткіштері келтірілген техника-экономикалық негіздемесін инвесторға түсінікті жаттық тілде жазып бере алмайтын олқылықпен жиі ұшыраса бастапты.
А.Баталовтың пікірінше, мұндай техника-экономикалық негіздемедегі сандық көрсеткіштер ойдан құрастырылады, сауатты, салмақты жобалар өте сирек .
Соған қарамастан "Қазинвест" орталығы республикамыздың барша аймақ-өңірлері мен экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін Қазақстандық компаниялардан келіп түскен 450-ден астам ұсыныстар шоғырландырылған инвестициялық жобалардың мәліметтер базасын құрған.
Алайда кәсіпорындардың басым бөлігі бизнес-жоспарлар дайындайтын кәсіби маманның қызметін сатып алуға да қауқарсыз. Сол себепті кәсіпорындарға арнап
мамандар дайындап беру жолы таңдап алыныпты.