Ислам экстремистері Мүбаракқа 12 рет қастандық жасағандарын мойындады

Қазіргі уақытта топтың Йемендегі өкілі болып табылатын белсенді мүшесі Али аш-Шариф «Ар-Рай аль-Амм» кувейттік басылым беттеріне осындай мәлімдемесімен шықты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Аш-Шарифтің айтуынша, Мүбаракқа қарсы соңғы қастандық 1995 жылы Аддис-Абебте Мысыр президентінің Эфиопияға ресми сапарымен келген кезінде әзірленген.

«Бұрынғы президенттің көзін құрту үшін» фундаменталисшілердің бірнеше себебі болғаны анық, солардың ішіндегі ең негізгісі, аш-Шарифтің пікірінше, египеттік арнайы жасақ қызметкерлерінің тұтқынға түскен топ мүшелерінің әйелдерін соққыға жығып, зорлық көрсетуі. Осындай әрекетімен египеттік басқарушы ислам оппозициясын түп-тамырымен жұлып алмақшы болды, алайда, керісінше, «жеккөрініш пен кек алу» ниетін тудырды. Соның нәтижесінде 90-жылдары фундаменталисшілер «өз тәсілін өзгертіп», билікке саяси күрес арқылы қол жеткізу бағытына түсті.