Елдің орталық сайлау комиссиясы таратқан ақпаратқа сәйкес, сайлауға қатысқан 20 млн-дай тұрғынның 90,39 пайызы Ислам Кәрімовті жақтап дауыс берген. Бұл жолы Өзбекстан президентінің орынтағына 4 кандидат таласқан болатын. Алайда Кәрімовтың қарсыластары 3 пайыз дауыстан аса алған жоқ. 77 жастағы Ислам Кәрімов енді елді тағы 5 жыл басқармақ. Жалпы оның осымен бесінші сайлауда жеңіске жетіп, 26 жылдан бері билікте отырғанын айта кетейік. Саяси додада асығы алшысынан түскен әріптесін бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғашқылардың бірі болып құттықтады.
Loading...