Ислам Кәрімовтің ескерткішіне қарсы петициялар - Ресейдегі шовинизмнің айқын айғағы - Айдос Сарым

Алайда бұл шешімге қатты наразылық білдірушілер арнайы петиция шығарып, оны Change.org сайтында жариялады, - деп хабарлайды Caravan.kz 

Петицияның авторы – атышулы ЛДПР партиясының мүшесі Георгий Городецкий. Ол Өзбекстанның тұңғыш президентін антиресейлік бағытта саясат жүргізды, сонымен қатар өз елінде билікті озбырлықпен заңсыз түрде басып алды деп айыптап отыр.

"Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов Ресей менен оның көпұлтты халқы үшін ешқашан дос болған емес. Мәскеуде оған ескерткіш орнататындай ешқандай себеп жоқ, - делінген петицияда. Бұл құжат Ресей президенті Владимир Путиннің атына жолданды.

Георгий Городецкий

Городецкийдің айтуынша, Собяниннің ескерткіш орнатуға қалалық бюджеттен ақша бөлуі – өз өкілеттігін асыра қолдану болып табылады.

Саясаттанушы, қоғам қайраткері Айдос Сарымның ойыңша бұндай көңіл-күйлер Ресей ішіндегі шовинистік көңіл-күйлердің айқын айғағы болып табылады.


- Еліміздің латын қарпіне көшуіне байланысты ресейлік «қайраткерлердің» соңғы атышулы мәлімдемелеріне назар аударсақ, бұның бәрі ел ішіндегі белгілі көңіл-күйлерді білдіреді. Православ шіркеуі, сонымен қатар Кремль жадында құрылған түрлі патриоттық рухтағы қозғалыстар өзінің ресми қарсылығын білдіруге ұялмайды.

Айдос Сарым

Ал енді Ислам Кәрімовтың ескерткіш қоюына байланысты қарсылықтардың ЛДПР партиясының бастамасы болуы түсінікті. Өйткені, сайлау алды науқанын әр жақ өзіңше пайдаланғысы келеді. Олар үшін бұл өте тиімді қадам. Неге десеңіз, өзбек президентіне ескерткіш қоюына қарсы ой - ресейлік азаматтардың шынайы позициясы болып табылатынын аңғарғанымыз жөн. Бұл позиция айдаладағы өзге ұлт өкіліне Мәскеу төрінде ескерткіш неге қойылуы тиіс деген оймен бапталып отыр», - деді Айдос Сарым.

Айта кетейік, петицияға бүгінгі күнде 1500 адам қол қойды.

Мақала авторы: Сырым Иткулов