- Орта Азия политехника институтын және Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген;
- 1960 – 61 жылдары “Ташсельмаш” зауытында көмекші шебер, аға шебер, технолог;
- 1961 – 66 жылдары Ташкент авиация өндірістік бірлестігінде инженер, жетекші инженер, конструктор болды;
- 1966 – 83 жылдары Өзбекстан Мемлекет жоспарлау комитетінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, төрағаның 1-орынбасары қызметтерін атқарған;
- 1983 – 86 жылдары Өзбекстан қаржы министрі:
- 1986 жылы Министір Кеңесі төрағасының орынбасары, Мемлекет жоспарлау комитетінің төрағасы болды;
- 1986 жылы желтоқсанда Өзбекстан Компартиясы Қашқадария облысының комитетітінің 1-хатшысы;
- 1989 жылы маусымда Өзбекстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып сайланды;
- 1990 жылы 24 наурызда Өзбекстан Ұлы Кеңесінің сессиясында Өзбекстан Президенті болып сайланып, конституцияға сәйкес Министір Кабинеті (Уәзірлер маккамасы) төрағасы қызметін қоса атқарды;
- 1991 жылы тамызда Өзбекстан өзінің мемл. тәуелсіздігін жариялағаннан кейін,елдің саяси жүйесін жетілдіру ісіне тікелей басшылық жасап, нақты шараларды жүзеге асырды;
- 1995 жылы 26 наурызда Бүкілхалықтық референдум шешімімен президенттік уәкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды;
- 2000 жылы өткен бүкілхалықтық сайлауда Өзбекстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды;
Ол “Тәуелсіздік жолында: проблемалар мен мұраттар”, “Өзбекстанның дербестігі мен даму жолы”, “Тәуелсіздік және руханият”, тағы басқа көптеген еңбектердің авторы. Кәрімов тәуелсіз мемлекеттің саяси, экон. және әлеум. жүйелерін қалыптастыруға, оның халықаралық қарым-қатынастарын орнықтыруға, ішкі тыныштық пен татулық ахуалды орнатуға көп үлес қосты. Сыртқы саясатта ТМД-ның, түркі халықтары мемлекеттері басшыларының саммиттерін, кездесулерін белсенді ұйымдастырушылардың бірі ретінде танылды. Кәрімов
1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда ТМД-ны, 1992 жылы 10 мамырда Ашғабатта Орталық Азия экономикалық ынтымақтастық ұйымын, 2001 жылы 14 маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымын (1996 жылы26 сәуірде “Шанхай бестігі” ұйымы болып құрылған) құруға белсене қатысты. 1997 жылы 10 қаңтарда Бішкекте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттері арасындағы “Мәңгілік достық туралы” Шартқа қол қойды. Қазақстанға достық сапармен әлденеше рет келді. Екі ел арасындағы туысқандық қарым-қатынасты жетілдіріп, жақсарта түсу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевпен көптеген кездесулер өткізді. Халықаралық қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Кәрімов әлемнің бірнеше елінің жоғары наградаларымен, соның ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен берілген “Алтын қыран” орденімен (2.06.1997) марапатталған.