Ислам Кәрімовтің қызы қолдау көрсеткен халқына алғыс айтты

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің қызы Лола Кәрімова-Тилляева Өзбекстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Caravan.kz фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

"Өз отандастарымды шын жүректен Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Біздің еңбекқор әрі шексіз дарынды, қайырымды Өзбек халқына бақыт, гүлдену мен амандық тілеймін! Берекелі жерімізде бейбітшілік пен тыныштық, ұлыстар мен ұлттар арасында өзара татулық болсын!", - деп жазды Лола Кәрімова.

Бұған қоса ол көпшілік тарапынан әкесіне қатысты жасалап жатқан қолдаулар мен игі тілектерге алығысын білдірді.


Еске сала кетсек, 27 тамыз күні 78 жастағы Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылған болатын. Мемлекет басшысының ауруханаға түскені жайында орталық телеарнадан мәлім етілді.

Ал кеш оның қайтыс болғаны туралы қауесеттер тарады. Бірақ бұл ақпарат ресми билік тарапынан нақтыланбады.