-Қалыптасқан жағдай бізге өзге амал қалдырмады. Заңгерлерімізбен ақылдасып жақын арада сотқа шағымдануымызға тура келіп отыр. Себебі Гүлнара Кәрімова әлеуметтік желілер және БАҚ арқылы атымызға кір келтіріп, жала жабуда.
Әпкесі таратқан осындай алып-қашпа әңгімелерден кейін журналистер Лолаға күнде хабарласып, тыныштық бермейтін болған. Ал Гугуша көп күттірмей сіңлісінің арқасында өзбек балалары жаңа жылдық шыршадан қағылғанын айтты. Себебі жуырда ғана балабақшадағы барлық мерекелерге тыйым салынып, тек президенттік шырша ғана тойлануы керек деген өзгерту енгізілген. Ал Лола дәл осы шара көмегімен пайдаға кенеледі екен. Сонымен қатар Гугуша Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі оны елден қуып шықпақ болды деп отыр. Ал өзі әкесімен ешқашан ұрыспапты. Тек анасы үшін онымен сөйлесе алмай жүрген көрінеді.