Қазіргі уақытта штаб-пәтері Жидда қаласында орналасқан Ислам Конференциясы Ұйымы 57 мұсылман елінің басын біріктіреді. Қазақстан осы беделді халықаралық ұйымға 1995 жылдан бері мүше болып табылады. ИКҰ-ның қаржы институты - Ислам даму банкі Алматыда аймақтық өкілділігін ашып, еліміздің ірі инвестициялық жобаларын қаржыландыруға атсалысып келеді. Өткен жылдың қыркүйек айында Ислам Конференциясы Ұйымы Орталық Азияны ядролық қару-жарақтан еркін аймаққа айналдыру туралы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның Семей мәлімдемесін қолдаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті