«Ислам мемлекетінің» хакерлері 11 француздық телеарнаның эфирін үзіп тастады

TV5Monde бас директоры Ив Бигоның айтуы бойынша, кибершабуыл 8 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша 22:00-де басталған. Хакерлер 11 телеарнаны эфирден шығарып тастап, олардың сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларына кіруге мүмкіндік алған.

AFP мәлімдеуінше, хакерлер сайттар мен әлеуметтік желідегі парақшаларға «Ислам мемлекетінің» жауынгерлеріне қарсы француз әскерінің суреттері мен жеке мәліметтерін салған.

Таңғы 5:00 шамасында бүкіл арнаға бір ғана эфирді шығара алдық. Қалғанын эфирге әлі шығара алмай жатырмыз», - деп хабарлады Биго. Бұл жағдайдың 14:00 ге дейін жалғасатынын ескертті. TV5Monde-нің бүкіл сайты қазіргі кезде уақытша жабық тұр.


Кибершабуылдың тигізген бүкіл зардабын жою бірнеше күнді алуы мүмкін, - деп хабарлайды, theformat.com.ua сайты.