Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sports.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жантүршігерлік қылмысты 16 қазанда ұлты шешен болып табылатын 18 жастағы Ресей азаматы Абдулла Анзоров жасады. Анзоров Патидің басын кесіп тастады деген ақпарат бар.
Кісі өлтіруге Мұхаммед пайғамбар туралы карикатруа себеп болған. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұғалім оларды «сөз бостандығы» сабағында көрсеткен, бұл бірқатар мұсылмандардың ашу-ызасын тудырған.
Анзоров қылмыс орнынан қашып кетпек болған, бірақ оны полиция атып тастаған.
Сондай-ақ, , екі салмақ дәрежесінде бұрынғы ACB чемпионы Альберт Дураев та Франциядағы колледж оқытушысының басын кесіп өлтірген 18 жастағы Абдулак Анзоровтың әрекетін қолдады.
«Францияда сөз бостандығы өзінің бастауын жоғалтты», - деп жазды Дураев өзінің Instagram-дағы парақшасында, содан кейін жазбаны өшіріп тастады.