Ислам Революциясынан кейінгі Иранның жетістіктері туралы көрме өтеді

Көрме Ислам Революциясының Ирандағы жеңісінің 33-жылдығына орайластырылған. Онда шамамен 100 картина, сурет қойылмақ, деп атап өтілген сейсенбіде Қазақстандағы Иран елшілігінің мәдениет өкілдігінен таралған хабарламада.

Өкілдіктің деректеріне қарағанда, көрмені ашу рәсіміне Қазақстандағы Египет елшісі Абдалла Омар Альарноси, Алматының мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов қатысады деп күтілуде.