Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Бұл шариғат емес. Бұл - дискриминация. Яғни, исламға, шариғатқа қарсы.
Ислам, шариғат әйел құқығын, ғылым, білімді жоғары қояды. Қараңғылықты, надандықты, біреудің ақысына кіруді, құқығын бұзуды, тәкәппарлықты күнә санайды.
Бұл - надан ағымдағы надандардың тәкәппарлығы.
Бұл - радикалистердің әйел затына терроры. Бұл - қозғыш бейшара нәпсіқұмарлардың өз нәпсіқұмарлығын әйелден көруі.
Әйел құқығын таптау - исламды таптау", - деп жазды журналист.