Исландия метеорологтары Гримсвотн жанартауы атқылауын тоқтатты деп мәлімдеді

Соңғы екі күнде жанартаудың тынышталуына байланысты мамандар осындай мәлімдеме жасап отыр.

Гримсвотн 21-мамыр күні атқылай бастаған болатын. Оның түтіні мен күлі 20 шақырым биіктікке дейін көтерілді. Салдарынан Исландия, Ирландия, Ұлыбритания мен Германияның солтүстігіндегі әуежайлар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.