ИСМ аймақтарға мемлекеттік -жеке меншік серіктестік қағидасы бойынша жылыжай құрылыстарын салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр

"Бұл ұсынысты әрбір облыс қарастыруы мүмкін, оған облыс бюджетінен қаржы жұмсалмайды. Ол мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі арқылы жүзеге асуы мүмкін, көкөністердің тапшылық жағдайын тұрақтандыру үшін жеке меншік бизнес иелері облыс бойынша қысқы, көктемді-жазғы қажетті жылыжай санын анықтау жұмыстарын жүргізуге көмегін берер ", - деді В. Школьник.

Ол айтқанындай, "Бизнесмендер тарапынан министрлікке жылыжайларды жасап шығаратын зауыт құрылысын салу жөнінде өтініштер келіп түсуде".

"Олар айтқанындай, бір гектар жылыжайдың құны $600 - 700 мың болады және бұл жылыжайларды сатып алатын сұраныстың болатынына бір кепілдік керек ", - деп атап өтті В. Школьник.

"Егер біз Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларымен бірлесіп әрбір облыс бойынша сараптама жұмыстарын жасап, онда белгілі бір зерттеулер қорытындысына келеміз. Осындай өндірісті қысқа мерзім ішінде ұйымдастыру менің пікірімше дұрыс шешім болар еді ", - деп атап өтті ИСМ.