Испания Денсаулық сақтау министрі жемқорлыққа байланысты қызметінен кетті


Бұл туралы ВВС хабарлады. 

Оның күйеуі де жемқорлық іске қатысты дауға шырмалған. Нақтырақ айтқанда, елдегі жетекші Халықтық партиямен байланысты өте ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қатысты қозғалған істе оның күйеуі Хесус Сепульведаның да аты аталады. Бірақ, Матоның өзі ол іске қатысты емес екенін мәлімдеді. Ол өз сөзінде ешқандайда қылмысқа қатысы жоқ екенін айтып, отставкаға мемлекеттің мүддесі үшін кетіп бара жатқанын жеткізді.