Caravan Logo

Испанияда қазақстандық банктерден ақша ұрлаған хакерлер ұсталды

Испанияда қазақстандық банктерден ақша ұрлаған хакерлер ұсталды

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Europol сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алдын ала есептеу бойынша, Carbanak және Cobalt вирустарының көмегімен киберқылмыскерлер әлемнің 40 еліндегі банктерден 1 миллиард доллардан астам қаржы ұрлаған.

«Айтарлықтай көп қаржы ұрланған. Қылмыскерлер Cobalt вирусы арқылы ғана әр адамнан 10 миллион еуро ұрлаған», - деп жазылған басылымда.

Қаскүнемдер ресми компания арқылы хат жіберіп, Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Украина және басқа да мемлекеттердің банк жүйесіндегі компьютер бағдарламаларын бұзған. Алдын ала болжам бойынша, олар әлемдік қаржы институттарына шабуылын 2013 жылы бастаған.

Оқи отырыңыз:

Жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиев жауапқа тартылмайтын болды

Димаш Құдайберген «Славян базары» байқауына қазылық етеді