Олардың арасында тағам комбинаты, емхана және басқа да әлеуметтік нысандар бар. Кәсіпорын басшылығынан комбинаттың кәсіподақ комитетіне жолдаған ресми ескертпе хатта атап көрсетілгеніндей, "Испат-Кармет"-тен басқа LNM тобына жататын кәсіпорындардың бірде-бірінде мұндай бөлімдер жоқ. "Испат-Кармет" ААҚ кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Владимир Дубининнің айтуынша, қайта құру жұмыстары кәсіподақ комитетімен келісім негізінде жүзеге асырылады.
"Испат-Кармет" ААҚ-ның иелігіндегі кәсіпорындарды қайта құру кәсіподақтардың қатаң бақылауында жүзеге асырылады
