Судьяның кеңес бөлмесіне кіруі алдында сотталушылар соңғы сөз айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Талғат Ермегияев өз ұстанымын соңғы болып айтты.
"Назарыңызды кейбір БАҚ-тарда бізге қарсы қойып отырған адал емесе ақпараттық кампанияға аударамын. (...) Менің айтқан сөздерім жағымсыз мақалаларға себеп болып отыр. Мәселен, біздің кінәлі еместігіміздің бірде-бір дәлелі, біздің құқығымыздың бұзылу дерегі бірде-бір мақалада жарияланбады. (...) Қарсыластарым менің рухымды түсіргісі келеді, істі мойындауымды сұрайды. Олар бұл мақсатта бақылауға алып отырған БАҚ-тары арқылы ғана жала жауып отырған жоқ, менің туыстарымның да бостандығынан айырып отыр. Бірақ олар мені сындыра алмайды. Мен жасамаған ісімді жасадым деп мойындамаймын", - деді сотқа Талғат Ермегияев.
"Құрметті сот, процесстің қалай аяқталатынын біліп отырғандаймын және барлығына дайынмын. Бірақ маған қарсы жалған мәлімет беруден бас тартқан сотталушыларға әділ әрі адамгершілікпен шешім шығаруыңызды сұраймын. Бұл адамдар ерлік көрсеткені үшін, тәртібін көрсеткені үшін жазаланбауы тиіс. Уақыт шешеді, бұған сенімдімін. Көрме жобасын бір жылдан кейін ұмытылатын шулы шара ретінде емес, барынша және тиімді жүзеге асыруға, шын мәнінде халықаралық және сәтті етуге бағытталған әрекетіміздің шынайы екені анықталады", - деді Ермегияев. Оның сөзіне соттағылар қолпаштап, шапалақ ұрды.
Осыған дейін прокурорлар Талғат Ермегияевті 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Істің қалған фигуранттарына 3 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.