Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға келеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді", - делінген хабарламада.

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды.

27 сәуірде Астанада "Орталық Азия – Италия" форматындағы тұңғыш саммит өтеді.