Италия Астанамен тікелей әуе рейсін ашуға мүдделі


Бұл туралы агенттік төрағасы Риккардо Монти мәлім етті.
«Қазір біз Астанаға тікелей рейс ашу бағытында жұмыс істеп жатырмыз», - деді ол дүйсенбі күні Астанада Қазақстан-Италия бизнес форумында.
Оның айтуынша, агенттікке апта сайын қолдау көрсету жөнінде ондаған өтініш келіп түседі.
«Біз бұл елге қызығушылық танытып отырған итальяндық компанияларға қолдау көрсеткіміз келеді. (...) Италия металлургиядан химия, ауыл шаруашылығына дейінгі түрлі салаларда жетекші рөл атқара алады», - деді Р.Монти.
Р.Монтидің айтуынша, итальяндық компаниялар 2015 жылы Миланда өтетін ЭКСПО көрмесіне қызу дайындық үстінде.
«Біз ЭКСПО-ға дайындалып жатырмыз. Қазақстандық кәсіпкерлерді Миланға келіп қана қоймай, белгілі бір салаларды дамытуға негізделген итальяндық кластерлерге қатысуға болады», - деп қосты ол.
Р.Монти тікелей рейстің жоқтығы бизнесмендер үшін қиындық тудырып отырғанын да атап өтті.