Италия құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды

Негізгі және қосымша уақытта екі құрама 1:1 есебімен тең ойнады. Ал ойыннан кейінгі пенальтилер сериясы кезінде Италия құрамасы 5:3 санымен қарсыласын тізе бүктірді.

Италия құрамасы бұған дейін 1934, 1938 және 1982-жылдары әлем біріншілігінде жеңіске жеткен.