Италия құрамасы Германияны 2:1 есебімен жеңді

Алаңда Германия мен Италияның құрамалары кездесіп, итальяндықтар күтпеген жағдайда Марио Балотеллидің дубілінен кейін, жеңіске әдемі жетті.

Бірінші таймның алғашқы минуттарында немістер басымдықты Италияның құрамасына берді. Бірақ біршама уақыттан кейін қарқын ала бастады. Джанлуиджи Буффонның қателігінен кейін матчтың бірінші бұрыштамасын ойнатқан Германия құрамасында ойынның есебін ашуға мүмкіндік болды. Бірақ допты қақпа сызығынан Андреа Пирло алып шықты. Бұл шабуылдан кейін Германия құрамасы тағы екі қауіпті сәтті тудырды, бірақ ол сәттерді немістер жүзеге асыра алмады.

Одан әрі басымдықты итальяндықтар қолға алды, бұл өз кезегінде оларға ойынның 20-сыншы минутында өз нәтижелерін алып келді. Сол жақ қапталдан берілген Антонио Кассаноның допынан кейін итальяндық шабуылдаушы Марио Балотелли матчтағы алғашқы добын басымен соқты.

36-ншы минутта Риккардо Монтоливоның нақты пасынан кейін М.Балотелли қайта ерекшеленді. Мануэля Нойераның қақпасына бағыттаған добы дөп түсіп, нәтижесінде бірінші тайм 2:0 есебімен аяқталды.

Кездесудің екінші бөлігінің басында неміс құрамасының бас бапкері Йоахим Лёв бірден екі ойыншыны ауыстырды: Марко Ройс Лукаса Подольскидің орнына, ал Мирослав Клозе Марио Гоместің орнына шықты.

Екінші таймның алғашқы минуттарында-ақ немістерге бір доптың есесін қайтаруға мүмкіндік болды. Бірақ Филипп Лам қақпаға дәл тигізе алмады. Итальяндықтар жауап ретінде күшті шабуылдар жасады, және олардың бірінде Марио Балотелли өзінің үшінші добын соға алды, бірақ ол қақпаның сыртымен өтті.

60-ыншы минутта Леонардо Бонуччи сары карточка алғаннан кейін, немістерде есеп алшақтығын азайтуға мүмкіндік болды. Марко Ройс айып добын күшті әрі дәлдікпен соқты, бірақ Джанлуиджи Буффон допты қолымен қағып түсіре алды.

Ойынның 75-інші минутында Клаудио Маркизио Хольгер Бадштуберді айналып өтіп, допты М.Нойердің қақпасына бағыттады, бірақ дөп түсе алмады. 79-ыншы минутта итальяндықтар жақсы контршабуыл жасай алды, алайда Алессандро Диаманти варшавалық тайғанақ газонда тұра алмай, сәтті жіберіп алды. 82-нші минутта неміс қақпашысына қарсы шығып, бірақ қақпаға допты кіргізе алмаған итальяндық шабуылшы Антонио Ди Натале есепті одан әрі көбейте алмады.

Қосылған уақытта, ойынның 91-інші минутында итальяндық қорғаушы Фредерико Бальцереттидің берген айып добын жартылай қорғаушы Месут Озил табысты іске асыра алды. Бірақ кездесудің аяғына дейін, алаңның итальяндық жағындағы ойынға неміс қақпашысының қосылуына қарамастан Й.Лёвтің қамқорлығындағылар есепті теңестіре алмады.

Нәтижесінде итальяндықтар 2:1 есебімен күтпеген жерден тамаша ойын көрсетті. Италия құрамасы 1 шілде күні Киевте Еуропаның қазіргі чемпиондары - Испания командасымен ойнайтын болады.

ҚазАқпарат өз оқырмандарын «Еуро-2012» футбол бойынша Еуропа чемпионатындағы ойындардың нәтижелері туралы ақпараттандыруды жалғастырады.