Италия Тәжікстандағы шағын су электр станцияларының құрылысына қызығушылық танытып отыр

Хабарламада көрсетілгендей, Тәжікстан мен Италияның Сыртқы сауда институты арасындағы ынтымақтастық мәселелері Тәжікстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасының бірінші орынбасары Одил Санговтың Италияның Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Джованни Ричуллимен және Сауда алмасуды дамыту бөлімінің директоры Пьер Луиджи Хойшпен кездесуде талқыланды.

Кездесуде гидроэнергетика, тау-кен саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Италия өкілдерін бағалы металдар мен жартылай бағалы тастардың кен орындарын игеруге қатысу мүмкіндігі, сондай-ақ, Италия бизнесінің энергетика нысандарын, әсіресе, шағын су электр станцияларын салуға қатысу мүмкіндігі ерекше қызықтырды.