KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, телефон арқылы өрбіген әңгіме барысында екі жақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы талқыланды. Тараптар екі ел арасындағы сауда айналымының өсу қарқынына қанағаттанарлық баға бере отырып, осы орайда "Эни" компаниясының Қашаған кенішіндегі табысты іс-қызметіне тоқталды. Қазақстандағы экономикалық жобаларды жүзеге асыруға Италиялық компаниялардың қатысу аясы кеңейтіле түсуі тиіс деген ортақ пікір айтылып, бұл орайда еліміздің мүддесі де ескерілуі керектігі сөз болды.
Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Италия үкімет басшысы халықаралық ынтымақтастық мәселесін сарапқа салды.