Капитанмен қоса оның көмекшісі де қамалды. Оларға адам тасымалымен заңсыз айналысты деген айып тағылып отыр. Грекиядағы Родос аралының маңында да осындай африкалық мигранттар міңгескен кеме апатқа ұшыраған. Одан 93 адам құтқарылды. Үшеуі қаза тапқан. Италия мен Мальтаның құтқару қызметі тағы екі кеме жолаушыларын құтқарумен айналысты. Жалпы осы 4 жағдай бойынша 24 адам істі болып отыр. Олар Эфиопия мен Эритрея азаматтарын Ливия арқылы Италияға жеткізбек болыпты.
Loading...