Италиялық дәрігерлер алақаны мен бетінен еш жарақатсыз қан ағатын қызды ауруханаға жатқызды.
Қыздың айтуынша, оның бұлай қиналып жүргеніне үш жылдай болған. Терлеген кезде денесінен бес минут тоқтамастан қан ағады екен. Осының салдарынан қыз қоғамнан бөлектеніп, күйзеліске ұшыраған.
Дәрігерлер науқасқа гематидроз деген диагноз қойды. Бұл ауру сирек кездеседі, тер қанмен араласып, тері арқылы сыртқа шығады. Бұған қан тамырлары қабырғасының зақымдануы себеп.
Дәрігерлер қызға қан тамырлары жүйесін нығайтып, күйзелістен арылтуға бағытталған дәрі-дәрмек жазып берді. Дегенмен бұдан қыз толық емделіп кеткен жоқ.