Италияда коронавирусқа байланысты 14 провинция жабылды

Бұл туралы Саravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Италия премьер-министрі Джузеппе Конте 8 наурызға қараған түні Ломбардия аймағы мен 14 провинцияда қозғалысқа, кіру мен шығуға шектеу қою туралы декретке қол қойды.

Декрет Эмилия-Романья, Марке, Пьемонт, Венето (Венеция) облыстарына кіретін провинцияға қатысты болып отыр. DW мәліметі бойынша, бұл аймақтарда ел халқының төрттен бір бөлігі тұрады.


Бұл аймақтарда музейлер, галереялар және басқа да мәдени орындар жабылады.

Соңғы мәліметтер бойынша, Италияда коронавирустан бір тәулікте 36 адам қаза тапты. Елде вирустан қайтыс болғандар 223-ге жеткен. Бір тәулікте 1,2 мың адам вирус жұқтырған, қазір елде олардың жалпы саны 5,8 мың адам болды.