Оның айтуынша, Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 7 985 адамға жеткен. Елде ауруға шалдыққандардың саны 9 172 адам болған. Бұл емделіп шыққандар мен көз жұмғандарды қоса есептегенде.
Бүгінде Италия коронавирустан қаза тапқандардың саны жағынан Қытайдан кейінгі орында тұр.
Сондай-ақ, Боррелидің сөзіне қарағанда Италияда 724 адам бұл дерттен айығып шыққан. Бұл жексенбі күнге қарағанда 102 адамға көп.