Италияда Қазақстанның мәдени күндері ашылды

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ашылу салтанатына Италия елінің Мәдени мұра және мәдени қызмет, Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері, Рим қаласының мэрі, дипломатикалық корпус, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Қазақстан мәдени күндерінің ашылуы Наурыз мерекесіне орайластырылды. Ө сөзінде Италиядағы Қазақстан Елшісі Андриан Елемесов, «Наурыз мерекесінің Жер бетіндегі ежелгі мейрамдардың бірі» екендігін атап өтті.

Ашылу рәсімінде Қазақфильмнің «Небо моего детства» туындысы көрсетілді, домбыра мен қобыздың сүйемелдеуімен халық шығармалары орындалды.

Қазақстан Республикасының мәдени күндері Рим, Милан, Турин және Флоренцияда 30 наурызға дейін жалғасады.