Италияда теміржол апатынан қаза тапқандар саны 27 адамға жетті


Құрбандар саны бойынша бұл соңғы ақпарат емес, себебі қазір іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Апат кезінде жолаушысы бар пойыздар неліктен екені белгісіз бір рельстің бойында бір біріне тап қарама-қарсы келіп қалып, соқтығысқан. Сондай-ақ апатқа ұшыраған пойыз машинистерінің бірі тірі қалып, қазір ауруханада хал үстінде жатыр.