Италияда жер сілкінісі құрбандарының саны 267-ге жетті

Сейсмологтардың деректеріне сәйкес, апат ауданында жаңа жер асты дүмпулері сезілді. Магнитудасы 4.8 - ең қуатты дүмпу сағат 07.28-де орын алды. Табиғи апаттың қайталануы ұсталып тұрған үйлердің қирауына алып келді. Салдарынан ғимараттың бірінде түнеген өрт сөндірушілер жеңіл жарақат алды.

Билік ұрлық-қарлық, тонау орын алмас үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауда. Полиция зардап шеккен елді мекендергі жақын аумақты торуылдауда.