Италияның ANSA ұлттық ақпараттық агенттігі Қазақстанда өз өкілдігін ашуға ниет білдіруде

Қазіргі жағдаймен Қазақстанға байланысты ақпараттарды ANSA ақпараттық агенттігінің Мәскеудегі бюросы таратады. "Осы аймақтағы ақпараттарды Қазақстандағы бюродан тарататын мерзім жетті",- деді Д.Пекора.

Оның айтуынша, Қазақстанға "дүниежүзіндегі ірі мұнай сатушы елдердің бірі ретінде" Италиялық БАҚ-тар қызығушылық танытып отыр.
"Сонымен бірге мұнда Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан. Айлақтан өткен аптада Италиялық астронавт ғарышқа жол тартты",- деді Д.Пекора. Агенттік сондай-ақ аймақтағы экологиялық ахуалға қатысты ақпараттарға да қызығушылық танытып отыр.
Қазақстандық бюрода жергілікті кәсіби журналистер жұмыс істейтін болады, ал біз "олардың ақпараттарын дүниежүзіне тарататын боламыз",- деді Д.Пекора.