"Итке сүйек тастағандай үймелетіп қойған әнші-құшнаштарда да ұят жоқ" Журналист әншілер мен халықты сынап тастады


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы тілшінің парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Халықты өсек пен қысыр әңгіме іздеп тұратын қара тобыр қылып тәрбиелеп жатқан екі нәрсе бар болса, соның біреуі - «Қалаулым» сияқты әртүрлі мағынасыз, мәнсіз, түкке татымайтын арзан дүниелер ашып тастаған телеканалдар да, екіншісі – инстадағы «жұлдыздар». Соларға қарап біреудің алдында, біреудің артында келе жатқанына шүкіршілік етуден қалып, мына ел дайын нәрсеге, тегін нәрсеге құмартып тұратын қайырымсыз, қатыгез болып барады. Мәдина Сәдуақасова отасқанына 7 жыл болғанын, байы өзінен 7 жас кіші екенін атап өткелі жатқанын жазыпты инстаға. Соны аз уақытта 4 миллион адам қарапты. 4 миллион адам! Қазір сонда бүкіл елдің тағдыры шешілгелі жатқандай қырғын пікірталас болып жатыр екен. Епт, біз сонша топас, надан болып кеткенбіз бе, немене?! 4 миллион дегенің халықтың тең жартысы ғой! Итке сүйек тастағандай қылып, халықты сондай тақырыпқа үймелетіп қойған әнші-құшнаштарда да ұят жоқ! 4 миллион адамды қорасындағы мал құрлы көрмей отыр ғой бұлар. Мәдинаның да, халықтың да деңгейі бір-біріне сай екен!", - деп жазды автор желідегі парақшасында.