Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Фото Instagram-дағы "Клуб добряков Алматы" парақшасында пайда болды. Жазба авторы егде жастағы адамның "итті көлікке байлап, жүргізгенін" хабарлады. Жануардың мойнында қан көрініп тұрғаны да айтылған.
"Мен оған бұлай жасауға болмайтынын айттым, ал ол айғайлай бастады және жанжал шығарды. Біз қашан жануарларды қорлауды қоямыз?" - деді автор.
Ол оқиға нақты қай жерде болғанын айтқан жоқ, бірақ көліктің Алматының мемлекеттік нөмірі болған.