Қазақстан спортшыларының да тізімдегі орындары өзгерді. Жанат Жақиянов ең жеңіл салмақ рейтингінің бірінші жүздігіндегі орнынан екі саты төмендеді, 47-ші болды, деп жазады Sports.kz.
Бірінші орташа дәрежеде Қанат Ислам 81-ші орыннан 80-ші орынға көтерілді. Бейбіт Шүменов пен Иса Ақбербаев бірінші ауыр салмақ рейтингінде тиісінше 11-ші және 35-ші позицияларын сақтап қалды.